«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарының магистратурасына іріктеу және қабылдау ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 13 сәуірдегі № 221 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 9 сәуірдегі № 135 Бұйрығы (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарының магистратурасына іріктеу және қабылдау ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 13 сәуірдегі № 221 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 9 сәуірдегі № 135 Бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 279 бұйрығымен күші жойылды
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары үшін басшы және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауды жетілдіру үшін БҰЙЫРАМЫН:
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарының магистратурасына іріктеу және қабылдау ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 13 сәуірдегі № 221 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2864 болып тіркелген, 2005 жылғы 27 қазанда «Заң газетінде» жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2-тармақта «Ішкі істер бас басқармаларының, Ішкі істер басқармаларының, Көліктегі ішкі істер басқармаларының» деген сөздер «Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындары магистратурасына іріктеу және қабылдау ережелерінде:
бүкіл мәтін бойынша «ІІББ, ІІБ, КІІБ» деген аббревиатуралар «ІІД, КІІД» деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;
2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Магистратура «Заңтану» және «құқық қорғау қызметі» мамандықтары бойынша басшы, ғылыми және педагогикалық кадрлар резервін даярлауды жүзеге асырады.
3. Бейіндік бағыт бойынша магистратурада оқу мерзімі - кемінде бір жыл, ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша - екі жыл.
Документ утратил силу
Демо – версия документа