Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1035 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 587 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1035 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 587 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 150 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Биологиялық саналуандықты сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен қорлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1035 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген биологиялық саналуандықты сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен қорлардың тізбесінде:

«Үкіметтік емес ұйымдар мен қорлар» деген бөлім мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Қазақстанның биологиялық саналуандығын сақтау қоры» корпоративтік қоры».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

                          

 

 

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку