Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 наурыздағы № 350 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 наурыздағы № 350 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 6 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:

«IV. Шағын және орта бизнесті қолдау» деген бөлімде:

«Шағын және орта бизнестің мемлекеттік сатып алуға қол жетімділігін кеңейту» деген 3-кіші бөлімде:

реттік нөмірі 3.4-жолдың 2-бағанында «мен даму жоспарларында» деген сөздер «, даму жоспарларында және қаржы-шаруашылық қызмет жоспарларында» деген сөздермен ауыстырылсын;

«VII. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» деген бөлімде:

«Инвестицияларды жұмыс істеп тұрған және жаңа экспортқа бағдарланған секторларды қолдауға бағыттау, оның ішінде:» деген 2-кіші бөлім мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:

«ҚазАгро»ҰХ» АҚ-ның инвестициялық бағдарламасының жаңа бағыттарын түзету және/немесе таңдау «ҚазАгро»ҰХ» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады»;

реттік нөмірі 2.5-жолдың 2-бағанында «ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге» деген сөздер «агроөнеркәсіптік кешені субъектілеріне, оның ішінде көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуды жүзеге асыру жолымен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді кейіннен қаржыландыру үшін» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку