Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақтан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 324 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақтан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 324 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 297 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 30, 392-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

1) көрсетілген қаулымен бекітілген Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету ережесінде:

73-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«Бейнекомпьютерлер, көп функционалды дабылдату жүйелері, телефакстер, мәтіндік хабарламалы және хабар қабылдайтын жинақы телефондар, саңыраулар мен нашар еститін адамдарға арналған сағаттар, кемінде 5 жылдан кейін ауыстырылады.»;

мынадай мазмүндағы 90-1-тармақпен толықтырылсын:

«90-1. Тифломагнитолалар, компьютерлік тифлокешендер, Брайль жүйесі бойынша жазуға арналған құрал, диктофондар, дыбыс жазбаны қайта тыңдауға арналған плейерлер, нашар көретін адамдарға арналған сағаттар кемінде 5 жылдан кейін ауыстырылады.

Оқитын машиналар кемінде 3 жылдан кейін, жіңішке таяқтар, Брайль жүйесі бойынша жазуға арналған грифель - 2 жылдан кейін ауыстырылады.»;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің және естімейтіндігі бойынша мүгедектер үшін жылына отыз сағат ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін көрсету ережесінде;

7-тармақтың сегізінші абзацы алып тасталсын;

10-тармақтың 1) тармақшасындағы «, бос уақытын, демалысын өткізуіне, тауарлар мен қызметтер сатып алуына» деген сөздер алып тасталсын;

көрсетілген Ережеге қосымшада:

1-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«14) протездеуге жарамсыз жүріп-тұру құралдарын пайдалануды қиындататын, қолдардың білінетін функционалдық бұзушылықтары бар балтырлардың ампутациялық тұқылдары;»;

2-тармақта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Ымдау тілінің машықтарын меңгерген мүгедекке ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін көрсетуге:»;

3) тармақшадағы «III-» деген сан алып тасталсын.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку