«Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 наурыздағы № 88 Жарлығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 21 қаңтардағы № 728 Жарлығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 наурыздағы № 88 Жарлығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
ҚР Президентінің 2019 жылғы 12 ақпандағы № 838 Жарлығымен күші жойылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы» Жарлығына Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 наурыздағы № 88 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 32, 339-құжат; 2003 ж., № 40, 417-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы ережеде:
4-тармақтың 3) тармақшасында «мониторинг жасау» деген сөздерден кейін «, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды инспекциялау» деген сөздермен толықтырылсын;
«мүшелерінен» деген сөздің алдынан «тұрақты мүшелерінен және» деген сөздермен толықтырылсын;
«Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының (бұдан былай - Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы) ұсыныстары ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын» деген сөздер алып тасталсын;
«мүшелері» деген сөз «тұрақты мүшелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Парламент Мәжілісінің Төрағасы, Парламент Сенатының Төрағасы,» деген сөздер алып тасталсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Лауазымы бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері: Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы болып табылады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа