-
“Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 19 наурыздағы № 269 және 2004 жылғы 28 сәуiрдегі № 475 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 наурыздағы № 193 Қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 31 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексi) белгіленген тәртiппен есепке алу әдiсiмен төленетiн импортталған жабдықтардың, ауыл шаруашылығы техникасының, автомобиль көлiгi жылжымалы жүк құрамының, сондай-ақ жеке өндiрiстiк мұқтаждар үшiн әкелiнетiн қосалқы бөлшектердiң тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 19 наурыздағы № 269 қаулысында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнде (Салық кодексi) белгіленген тәртiппен есепке алу әдiсiмен төленетін импортталатын тауарлардың тiзбесiн және оны қалыптастыру ережесін бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса берiліп отырған:
Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнде (Салық кодексi) белгiленген тәртiппен есепке алу әдiсiмен төленетiн импортталатын тауарлардың тiзбесi;
Редакция документа
Демо – версия документа