Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004 Ж. 24 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 1306 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы № 62 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 жылғы 24 желтоқсандағы № 1306 қаулысы

 

Осы редакция 2008 жылғы 31 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуін реттейтін кейбір мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы № 62 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 2-3, 18-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өту және рұқсат құжаттарын беру ережесінде:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"3. Осы Ереже Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары және қалалары мен елді мекендерінің көшелері бойынша мынадай автокөлік құралдарының:

автобустардың;

жүк автомобильдерінің (рұқсат етілген жалпы салмағы тіркемені қоса алғанда, 6 тоннадан астам немесе рұқсат етілген пайдалы жүктеме тіркемені қоса алғанда, 3,5 тоннадан астам);

мамандандырылған автомобильдердің (жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған);

арнайы автомобильдердің (әр түрлі, басым көпшілігі көліктік емес жұмыстарды орындауға арналған) жүріп өту тәртібін белгілейді.";

7-тармақ "аумағына кіруін" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының аумағына кірген кезде көліктік бақылау бекеттерінде берілетін" деген сөздермен толықтырылсын;

10-тармақ "Шетелдік тасымалдаушы" деген сөздердің алдынан "Халықаралық қатынаста Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік тасымалдауды жүзеге асыратын" деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:

"12-1. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп өтуге рұқсат құжаттарының қолданылу мерзімін көлік саласындағы уәкілетті орган белгілейді.";

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку