Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1292 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1320 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1292 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2008 жылғы 31 желтоқсандағы  № 1320   қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 10 тамыздағы № 636 Қаулысымен күші жойылды

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдану үшін қажетті рейтингтік ұйымдардың (рейтингтердің тиісті мәнін көрсете отырып), қор және тауар биржаларының, аудиторлық ұйымдардың тізбелері, сондай-ақ олардың ұсынатын құжаттарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1292 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 48, 594-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

атауындағы және 1-тармақтағы «рейтингтік ұйымдардың (рейтингтердің тиісті мәнін көрсете отырып),» деген сөздер алынып тасталсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдану үшін қажетті рейтингтік ұйымдардың (рейтингтердің тиісті мәнін көрсете отырып), қор және тауар биржаларының, аудиторлық ұйымдардың тізбелерінде, сондай-ақ олардың ұсынатын құжаттарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарда:

атауындағы «рейтингтік ұйымдардың (рейтингтердің тиісті мәнін көрсете отырып),» деген сөздер алынып тасталсын;

1 және 5-тармақтар алынып тасталсын;

2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

«Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнаулы сауда алаңы ретінде анықталған қор биржасы;»;

3-тармақ мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:

«Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасы» акционерлік қоғамы.».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К.МӘСІМОВ

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку