Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2007 жылғы 24 тамыздағы № 239 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2008 жылғы 3 желтоқсандағы № 330 Бұйрығы (күші жойылды)

Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2007 жылғы 24 тамыздағы № 239 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2008 жылғы 3 желтоқсандағы № 330 Бұйрығы

 

ҚР Әділет министрлігінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 131 бұйрығымен күші жойылды

 

«Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. «Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 тамыздағы № 239 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 13 қыркүйектегі № 4926 болып тіркелген, 2007 жылғы 19 қазандағы № 161 (1364) «Юридическая газетінде» жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесінде:

14-тармақ алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 3-тараумен толықтырылсын:

«3. Электрондық коммуникацияларды пайдалана отырып, құқықтық кадастардан ақпарат ұсыну тәртібі

16. Электрондық түрде ақпараттық қызмет көрсету «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы», «Ақпараттандыру туралы», «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, осы ережеге және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес көрсетіледі.

17. Құқықтық кадастардан ақпарат электрондық түрде «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» Мемлекеттік дерекқоры» (бұдан әрі - «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» МД) ақпараттық жүйесін пайдаланып беріледі.

18. «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» МД-дан электрондық құжат түрінде берілген ақпарат ресми және осы Ережелердің 1 және 2-тарауларында белгіленген тәртіппен ұсынылатын ақпаратқа тең болып табылады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку