Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 мамырдағы № 440 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 желтоқсандағы № 1141 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 мамырдағы № 440 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 желтоқсандағы № 1141 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 259 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мәдени құндылықтарды әкетуге және әкелуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 мамырдағы № 440 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 17, 192-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мәдени құндылықтарды әкетуге және әкелуге рұқсат беру ережесінде:

6-тармақтың бірінші абзацы «туралы шешімді» деген сөздерден кейін «өтініш беруші осы ереженің 5-тармағында көзделген құжаттарды ұсынған күннен бастап» деген сөздермен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку