Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 ақпандағы № 88 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 қарашадағы № 1054 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 ақпандағы № 88 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 қарашадағы № 1054 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 ақпандағы № 88 қаулысына (Қазақстан республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 4, 46-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008 жылға арналған жоспарында:

реттік нөмірі 37-жол алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 67-2-жолмен толықтырылсын:

 

«67-2.

Қазақстан Республика-сының кейбір заңнамалық актілеріне қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупіне байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкер-шілігін міндетті сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру-

лар енгізу туралы

ТЖМ

Маусым

Қараша

Желтоқсан

В.В. Петров

».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                    

 

К. Мәсімов

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку