Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі № 890 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 қазандағы № 956 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі № 890 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 қазандағы № 956 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде, мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын, сондай-ақ жер учаскелерін жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі № 890 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 36, 360-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

«Көкшетау қаласы» деген жолдағы «114» деген сандар «1290» деген сандармен ауыстырылсын;

«Қостанай қаласы» деген жолдағы «123» деген сандар «1357» деген сандармен ауыстырылсын;

«Павлодар қаласы» деген жолдағы «114» деген сандар «1365» деген сандармен ауыстырылсын;

«Тараз қаласы» деген жолдағы «181» деген сандар «1040» деген сандармен ауыстырылсын;

«Өскемен қаласы» деген жолдағы «145» деген сандар «1304» деген сандармен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку