Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінін кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 тамыздағы № 786 Қаулысы (2009.26.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Қазақстан Республикасы Үкіметінін кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 тамыздағы № 786 Қаулысы

(2009.26.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 45 Қаулысымен күші жойылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы № 753 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 32, 354-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында:

«Қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі 2008-2010 жылдарға арналған басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі» деген 5-бөлімде:

2008-2010 жылдарға арналған басымды республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесінде:

«Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» деген кіші бөлімде:

реттік нөмірі 82-жолда:

5-бағанда «62000000» деген сандар «57000000» деген сандармен ауыстырылсын;

8-бағанда «21700000» деген сандар «18277000» деген сандармен ауыстырылсын;

9-бағанда «16740000» деген сандар «15163000» деген сандармен ауыстырылсын;

Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға арналған бюджеттік инвестицияларда:

«Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» деген кіші бөлімде:

реттік нөмірі 3-жолдың 2-бағанында «жарғылық» деген сөзден кейін «және резервтік» деген сөздермен толықтырылсын;

3) «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 қаулысында:

көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

«Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо» деген V бөлімде:

07 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобында:

01 «Тұрғын үй шаруашылығы» ішкі функциясында:

217 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» әкімшісі бойынша:

053 «Тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын институционалдық қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша:

100 «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту» деген кіші бағдарламаның 2-бағанында «жарғылық» деген сөзден кейін «және резервтік» деген сөздермен толықтырылсын.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции