Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 маусымдағы № 607 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 маусымдағы № 607 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1086 Қаулысымен күші жойылды

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 600-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінде:

103-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) отандық тауар өндірушілер деп Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын және бөлшектерінің (материалдарының) елу пайыздан астамы Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін (жиналмайтын) пайдалануға (қолдануға) дайын тауар өндіретін және/немесе жеткілікті қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес Қазақстан Республикасында қайта өңделген әрі тұтынуға (қолдануға) дайын және осы конкурста сатып алынатын тауарды шығаратын заңды және жеке тұлғалар түсініледі;».

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку