(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 1997 Ж. 7 МАМЫРДАҒЫ № № 100-I ҚР ЗАҢЫ
Азаматтық қорғаныс туралы 1997 жылғы 7 мамырдағы № 100-1
Қазақстан Республикасының Заңы
(2007.22.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2008 жылғы 26 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)
Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргiзу - мемлекеттiң аса маңызды мiндеттерiнiң бiрi, оның қорғаныс шараларының құрамдас бөлiгi.
Осы Заң Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының негiзгi мiндеттерiн, құрылуы мен жұмыс iстеуiнiң ұйымдық принциптерiн, Қазақстан Республикасы орталық, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының, ұйымдарының азаматтық қорғаныс саласындағы өкiлеттiгiн, азаматтарының, шетелдiк азаматтардың және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен мiндеттерiн белгiлейдi.
09.12.98 ж. № 307-I ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді
1-бап. Негiзгi ұғымдар мен терминдер
Осы Заңда мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
Азаматтық қорғаныс - басқару органдарының мемлекеттік жүйесi мен бейбiт және соғыс уақытында ел халқын, шаруашылық жүргiзу объектiлерi мен аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдау (қирату) факторларының әсерiнен, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргiзiлетiн жалпы мемлекеттік шаралардың жиынтығы;
Азаматтық қорғанысты басқару органдары - бейбiт және соғыс уақытында Азаматтық қорғаныс шараларына басшылық жасайтын және олардың орындалуын қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары, ұйымдар;
эвакуациялық органдар - халықты, материалдық қазыналарды қауiпсiз аймаққа эвакуациялау, оларды орналастыруды, өндiрiстiк қызметтi және тыныс-тiршiлiктi ұйымдастыру үшiн орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар құратын эвакуациялық және эвакуациялық-қабылдау комиссиялары;
Редакция документа
Демо – версия документа