Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 ақпандағы № 88 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 маусымдағы № 540 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 ақпандағы № 88 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 маусымдағы № 540 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 ақпандағы № 88 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008 жылға арналған жоспарында:

1) реттік нөмірлері 10 және 11-жолдар алынып тасталсын;

2) мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 17-1 және 17-2-жолдармен толықтырылсын:

 

17-1

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар туралы

ИСМ

қаңтар

ақпан

маусым

Е.Қ. Мамытбеков

17-2

Қазақстан Республикасының

кейбір заңнамалық актілеріне

әлеуметтік-кәсіпкерлік

корпорациялар мәселелері

бойынша өзгерістер мен

толықтырулар енгізу туралы

ИСМ

қаңтар

ақпан

маусым

Е.Қ. Мамытбеков

 

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку