Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.10.09 № 783 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «УЛ-154/4 мекемесі», «ЕЦ-166/13 мекемесі» мемлекеттік мекемелерін тарату және «Оңалту орталығы 1», «Оңалту орталығы 2» мемлекеттік мекемелерін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 қыркүйектегі № 783 Қаулысы

 

Осы редакция 2008 жылғы 15 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 11-бабы 1-тармағының 7) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республиқасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «УЛ-154/4 мекемесі» және «ЕЦ-166/13 мекемесі» мемлекеттік мекемелері таратылсын.

2. Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі қомитетінің «Оңалту орталығы 1» және Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «Оңалту орталығы 2» мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі - оңалту орталықтары) құрылсын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) оңалту орталықтарының жарғыларын бекітуді және олардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) Қазақстан Республиқасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, оңалту орталықтарына Қазақстан Республиқасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің таратылатын мемлекеттік мекемелерінің мүлкін беруді;

3) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку