(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.30.01 № 72 ҚАУЛЫСЫ
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу
және талдау орталығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы № 72 Қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 15 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын.
2. Мекеме қызметінің негізгі мәні Қазақстандағы діни ахуалдың даму үдерістерін зерттеу мен талдауды ұйымдастыру, мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен азаматтардың мемлекеттік-конфессиялық қатынастар саласындағы қызметін ақпараттық-талдамалық және ғылыми-әдіснамалық қамтамасыз ету, дінтану сараптамасын жүргізу болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) мекеменің жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Мекемені қаржыландыру тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
Редакция документа
Демо – версия документа