(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.25.08 № 811 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес
және есірткі айналымын бақылау комитетінің «Есірткіге тәуелді адамдарды
әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығы» мемлекеттік мекемесін құрудың кейбір мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы
№ 811 Қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 15 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы Заңының 9-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Есірткіге тәуелді адамдарды әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығы» акционерлік қоғамы таратылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің «Есірткіге тәуелді адамдарды әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын.
3. Мекеме қызметінің негізгі мәні есірткіге тәуелді адамдарды әлеуметтік оңалту, есірткіні теріс пайдаланудың алдын алу болып айқындалсын.
4. Мекемені қаржыландыру Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен «Есірткіге тәуелді адамдарды әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығы» акционерлік қоғамын тарату және кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған оның мүлкін мекемеге беру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
6. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) мекеменің жарғысын бекітуді және оны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.
Редакция документа
Демо – версия документа