Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 және 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі № 347 Қаулысы (2009.26.02. берілген өзгерістерімен)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 және 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі № 347 Қаулысы

(2009.26.02. берілген өзгерістерімен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

1) ҚР Үкіметінің 2009.26.02 № 220 қаулысымен  күші жойылды  (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)

2) «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 42, 489-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарында:

«Мақсатқа қол жеткізу және қойылған міндеттерді іске асыру тетіктері» деген 2-бөлімде:

«Елдің ипотекалық нарығындағы тұрақтылықты, үлескерлердің құқықтарын қорғауды және құрылыс объектілерін аяқтауды қамтамасыз ету» деген 3-кіші бөлімде:

2-кезеңде: 2008 жыл:

«Бұл ретте, елдің ипотека нарығындағы тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдар жағдайды реттеудің екі тетігін пайдаланатын болады.» деген абзацтағы «екі тетігін» деген сөздер «мынадай тетіктерін» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:

«3-тетік.

Бұл тетік ұсынысты қысқарту және сұранысты арттыру жолымен тұрғын үй нарығының теңгерімділігіне қол жеткізу мақсатында қолданылады. Ол өзіне мынадай іс-әрекеттерді қамтиды:

1) Астана қаласы әкімінің құрылыс объектілерінде құрылыс салушылардан пәтерлер сатып алуы;

2) ұлттық холдингтердің, ұлттық басқарушы компанияның және олардың еншілес ұйымдарының қызметкерлер арасында одан әрі бөлуі үшін салынып жатқан үйлерде пәтерлер сатып алуы.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:

реттік нөмірі 20-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«20.

Тұрғын үй

нарығындағы

ахуалды

тұрақтанды-

ру жөнінде

шаралар

қабылдау

Қазақ-

стан

Респу-

бликасы

Үкіме-

тінің

қаулысы

Қаржы-

мині,

ИСМ,

ЭБЖМ,

Әділет-

мині,

Астана

қаласы-

ның

әкімі

2008

жылғы

сәуір-

желтоқсан

41

млрд.

теңге

Респуб-

ликалық

бюджет

    ».

 

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

                                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции