Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 және 2002 жылғы 27 наурыздағы № 357 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 66 Қаулысы (2016.29.08. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 және 2002 жылғы 27 наурыздағы № 357 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 66 Қаулысы

(2016.29.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Басқарушылар кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкілдерін тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысында:

1-тармақта:

2) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

«Басқарушы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Тұрмаханұлы Орынбаев,

Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Ғалымжан Олжаұлы Пірматов;»;

3) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

«Басқарушы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Жәмішев Болат Бидахметұлы,

Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Ғалымжан Олжаұлы Пірматов;»;

4) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

«Басқарушы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов,

Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәулет Советұлы Саудабаев;»;

5) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Басқарушы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов,»;

2) ҚР Үкіметінің 2016.29.08. № 488 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции