(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi
туралы" Қазақстан Республикасының 1993 ж. 13 қаңтардағы № 1874-XII Заңы
(2007.15.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 жылғы 19 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР 10.07.02 ж. № 338-II Заңымен Заңның тақырыбы және мәтін бойынша сөздер өзгертілді
Осы Заң Қазақстан Республикасы Шекара қызметiнiң құқылық негiздерiн, мақсатын, мiндеттерiн, ұйымдастырылу және қызмет принциптерiн, құрылымын, құзыретiн, сондай-ақ олардың қызметiн бақылау мен қадағалау түрлерiн белгiлейдi.
ҚР Президентінің 19.05.95 ж. № 2283 Жарлығымен; ҚР 10.07.02 ж. № 338-II Заңымен 1-бап өзгертiлдi
1-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң
Шекара қызметi
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi (бұдан әрi - Шекара қызметi) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету мен қорғауға, Қазақстан Республикасының егемендiгi мен аумақтық тұтастығына қол сұғудың алдын алуға және жолын кесуге арналған.
2. Шекара қызметiнiң - туы, оның iшiнде әскери-теңiз туы және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi пайдаланатын айырым белгiлерi, ал бiрлестiктердiң, құрылымдардың және жауынгерлiк бөлiмдердiң белгiленген үлгiдегi жауынгерлiк тулары болады.
ҚР Президентінің 19.05.95 ж. № 2283 Жарлығымен; ҚР 10.07.02 ж. № 338-II Заңымен 2-бап өзгертiлдi
2-бап. Қазақстан Республикасының Шекара қызметi туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының Шекара қызметi туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
ҚР Президентінің 19.05.95 ж. № 2283 Жарлығымен; ҚР 10.07.02 ж. № 338-II Заңымен 3-бап өзгертiлдi
Редакция документа
Демо – версия документа