«Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 1513 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 499 Жарлығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 1513
Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 829 Жарлығымен күші жойылды
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қауіпсіздігінің міндеттерін шешуде ғарыш технологиялары мен техникасының үлесін күшейту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 1513 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 1, 1-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған Жарлықпен бекітілген «2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту» мемлекеттік бағдарламасында:
«Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:
«Міндеттері» деген кіші бөлімнің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Халықаралық ғарыш станциясының бортында оларды іске асыру үшін Қазақстан Республикасының ғылыми зерттеулері мен эксперименттерінің бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізу;»;
«Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері» деген кіші бөлімде:
бірінші абзацтағы «62768,72» деген цифрлар «44364,75» деген цифрлармен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «62468,72» деген цифрлар «44064,75» деген цифрлармен ауыстырылсын;
бесінші абзац алып тасталсын;
«Күтілетін нәтижелер» деген кіші бөлімде:
2) тармақшаның бесінші абзацы алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын;
«3) Халықаралық ғарыш станциясының бортында оларды іске асыру үшін Қазақстан Республикасының ғылыми зерттеулері мен эксперименттерінің бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізілетін болады;»;
«Кіріспе» деген 2-бөлімнің жиырма үшінші абзацы алып тасталсын;
«Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері» деген 4-бөлімнің бесінші абзац алып тасталсын;
«Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру тетігі» деген 5-бөлімнің «Бағдарламаның негізгі бағыттары» деген 5.1-кіші бөлімінде:
5.1.2-тармақтың бесінші абзацы алып тасталсын;
Документ утратил силу
Демо – версия документа