Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақтан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1255 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақтан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1255 Қаулысы

 

«2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

II «Шығындар» бөлімінде:

09 «Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер» кіші функциясында:

213 «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі» әкімшісі бойынша:

027 «Оралмандарды тарихи отанына қоныстандыру және әлеуметтік қорғау» бағдарламасында:

100 «Оралмандарды уақытша орналастыру орталығы» кіші бағдарламасындағы «107753» деген сандар «134287,2» деген сандармен ауыстырылсын;

101 «Оралмандардың көшіп келуі және әлеуметтік қорғалуы» кіші бағдарламасындағы «2723075» деген сандар «2711144,8» деген сандармен ауыстырылсын;

102 «Оралмандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету» кіші бағдарламасындағы «8761186» деген сандар «8746582» деген сандармен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку