Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫҢҒЫ РЕДАКЦИЯ) ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИН...

Осы редакция 2007 жылғы 11 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы ?кіметінің

2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысымен

бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлiгінiң Көші-қон комитетi туралы
Ереже

(2007.11.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

 

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрi - Министрлiк) өз құзыретi шеңберiнде көші-қон процестерiн реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты, салааралық үйлестірудi және арнайы атқарушылық, рұқсат беру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.

Комитеттiң негiзгi мiндеттерi Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтілген адамның тұрғылықты жерiн еркiн таңдау, кету еркiндігі, жүріп-тұру еркiндігі құқықтарының iске асырылуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және халықаралық ұйымдардың ұсынымдарына сәйкес республиканың қазіргi әлеуметтік-экономикалық жағдайын, оның өткен тарихы мен дәстүрлерiн, даму перспективаларын ескере отырып мемлекеттік көші-қон саясатын iске асыру болып табылады.

2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесімдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртiппен қазынашылық органдарында ашылған шоттары болады.

Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку