Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1362 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қарашадағы № 1141 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1362 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қарашадағы № 1141 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 45 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1362 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 648-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:

Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:

2 «Қорғаныс» функционалдық тобында:

01 «Әскери мұқтаждар» кіші функциясында:

208 «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі» бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша 006 «Қару-жарақ, әскери және өзге де техниканы, байланыс жүйелерін жаңғырту және сатып алу» деген бюджеттік бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын:

«006 Қару-жарақ, әскери және өзге де техниканы, байланыс жүйелерін жаңғырту, қалпына келтіру және сатып алу»;

7 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобында:

01 «Тұрғын үй шаруашылығы» кіші функциясында:

217 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:

«049 «Ипотекалық кредиттерге кепілдік берудің қазақстандық қоры» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту

050 «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту

051 Тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ-ға кредит беру»;

11 «Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» функционалдық тобында:

02 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» кіші функциясында:

272 «Облыстың сәулет және қала құрылысы департаменті (басқармасы)» бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

«002 Елді мекендердегі құрылыстардың бас жоспарын әзірлеу»;

шығыстардың экономикалық сыныптамасында:

1 «Ағымдағы шығындар» санатында:

1 «Тауарлар мен қызметтерге арналған шығындар» сыныбында:

110 «Жалақы» ішкі сыныбы мынадай мазмұндағы ерекшелігімен толықтырылсын:

«115 Алқабилердің жалақысы»;

150 «Басқа да ағымдағы шығындар» ішкі сыныбы мынадай мазмұндағы ерекшелігімен толықтырылсын:

«154 Алқабилердің ел ішіндегі іссапарлары».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку