Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 931 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 931 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

ІІ «Шығындар» бөлімінде:

01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» функционалдық тобында:

02 «Қаржылық қызмет» ішкі функциясында:

600 «Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі» әкімшісі бойынша:

001 «Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша:

001 «Орталық органның аппараты» кіші бағдарламасы бойынша «538431» деген сандар «521606» деген сандармен ауыстырылсын;

017 «Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету» кіші бағдарламасы бойынша «5175» деген сандар «22000» деген сандармен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку