(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 20.05.04 Ж. № 565 ҚАУЛЫСЫ
Республикалық меншiктегi жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерде
мемлекеттiң атынан акциялардың мемлекеттік пакеттерiне және қатысудың
мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану құқықтарын жүзеге
асырудың жекелеген мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004
жылғы 20 мамырдағы № 565 қаулысы
Осы редакция 2007 жылғы 26 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңы 34-бабының 3-тармағын орындау үшiн, сондай-ақ мемлекеттік меншiктi тиiмдi басқару мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Мемлекеттік органдар, оның iшiнде, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келісім бойынша) республикалық меншiктегi жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерде акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерiне және қатысудың мемлекеттік үлестерiне иелiк етуi және пайдалану құқықтарын жүзеге асыруы кезiнде:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен (бұдан әрi - Комитет) мемлекеттiң қатысуы бар акционерлік қоғамдардың жалпы жиналыстарында қабылдау үшiн ұсынылатын мынадай:
қоғам жарғысына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу немесе оны жаңа редакцияда бекіту;
қоғамды ерiктi түрде қайта ұйымдастыру және тарату;
жарғылық капиталдың мөлшерiн өзгерту;
есептi қаржы жылында қоғамның таза кiрiсiн бөлудiң тәртібі;
қоғамға тиесiлi барлық активтердiң жиырма бес және одан да көп пайызын құрайтын сомада активтердiң бiр бөлiгiн немесе бiрнеше бөлiгiн беру жолымен қоғамның өзге заңды тұлғаларды құруға немесе олардың қызметiне қатысуы туралы шешiм қабылдау;
қоғамның меншiктi капиталы мөлшерiнiң жиырма бес және одан да көп пайызын құрайтын сомаға қоғамның мiндеттемелерiн ұлғайту туралы шешiм қабылдау;
оларды жасасуда қоғам мүддесi бар iрi мәмiлелердi және мәмiлелердi жасасу туралы шешiмдердi қоғамның бекітуi;
Редакция документа
Демо – версия документа