«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ең төменгі резервтік талаптар туралы ережені бекіту жөнінде» 2006 жылғы 27 мамырдағы № 38 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі басқармасының 2007 жылғы 27 тамыздағы № 101 Қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ең төменгі резервтік талаптар туралы ережені бекіту жөнінде» 2006 жылғы 27 мамырдағы № 38 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі басқармасының 2007 жылғы 27 тамыздағы № 101 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 38 Қаулысымен күші жойылды
Банктің ең төменгі резервтік талаптар нормативтерін орындау тәртібін жетілдіру және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруы мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ең төменгі резервтік талаптар туралы ережені бекіту жөнінде» 2006 жылғы 27 мамырдағы № 38 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4268 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ең төменгі резервтік талаптар туралы ережеде:
1-тармақта «өз кассасында қолма-қол теңге» деген сөздер «өз кассасында қолма-қол ұлттық және еркін айырбасталатын валюталар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тараудың атында «нормативін» деген сөз «нормативтерін» деген сөзбен ауыстырылсын;
16-тармақта «бесінші» деген сөзден кейін «күнтізбелік» деген сөзбен толықтырылсын;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері бұзылған кезде банк талаптар бұзылған сәттен бастап үш күнтізбелік күн ішінде Ұлттық Банкке Ең төменгі резервтік талаптар нормативтерінің бұзылу фактісі және себептері туралы хабарлайды және оларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсынады.»;
«бірнеше рет» деген сөздерден кейін «(екі және одан көп рет)» деген сөздермен толықтырылсын;
«алты күнтізбелік ай ішінде» деген сөздер алынып тасталсын;
Документ утратил силу
Демо – версия документа