(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Осы редакция 2007 жылғы 26 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
V бөлім
Минералды өнімдер
25-топ
Тұз; күкірт; топырақ пен тас; сылау материалдары,
әк тастары мен цемент
Ескертпелер:
1. Егер мәтінде немесе аталған топқа 4-ескертпеде өзгеше келісілмесе, онда аталған топқа шикі немесе жуылған (соның ішінде қоспаларды өнімнің құрылымын өзгертпестен кетіретін химиялық заттарды қолдана отырып), бастырылған, тартылған, ұнтаққа айналған, еленген, флотация, магниттік айыру жолымен немесе басқа да механикалық немесе физикалық процестер (кристалдандыруды қоспағанда) пайдалану жолымен байытылған өнімдер ғана енгізіледі. Күйдіруге, кальцийлеуге ұшыраған, араластырумен немесе әрбір тауар позициясында көрсетілмеген тәсілдермен өңделген өнімдер аталған топқа енгізілмейді.
Аталған топтың өнімдері оны өнімді дағдылы қолдануға қарағанда бейіндік қолдану үшін жарамды ете отырып, оның қасиеттерін өзгертпеуі шартымен шаңдақты басу агентінің қоспаларын қамтуы мүмкін.
2. Аталған топқа:
а) сублимацияланған, тұндырылған немесе коллоидтелген күкірт (2802 тауар позициясы);
б) Ғе2О3 қайта есептегенде 70 салм.%-дан немесе одан көп химиялық жағынан байланыстағы темірі бар минералдық бояғыштар (2821 тауар позициясы);
в) дәрілік заттар немесе 30-топтың өзге де өнімдері;
г) парфюмерлік, косметикалық немесе иіс заттары (33-топ);
д) төсемтас, төсеуге арналған жиектастық тастар немесе тақталар (6801 тауар позициясы) таскесте үшін текшелер немесе ұқсас бұйымдар (6802 тауар позициясы); жабын үшін тақтатас, қаптама немесе гидр оқшаулағыш (6803 тауар позициясы);
e) асыл немесе жартылай асыл тастар (7102 немесе 7103 тауар позициясы);
ж) қолдан өсірілген (оптикалық элементтерден басқа) әрқайсысының салмағы 2,5 г кем емес (3824 тауар позициясы) натрий хлоридінің немесе магний оксидінің кристалдары; натрий хлоридінен немесе магний оксидінен алынған оптикалық элементтер (9001 тауар позициясы);
з) бильярдқа арналған борлар (9504 тауар позициясы); немесе
и) жазуға немесе сурет салуға арналған борлар, тігіншілерге арналған борлар (9609 тауар позициясы) енгізілмейді.
Редакция документа
Демо – версия документа