Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 47 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 тамыздағы № 714 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 47 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 тамыздағы № 714 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 47 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктердің, агенттіктер мен ведомстволардың қызметкерлер штат санының лимиттерінде:

«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі» деген реттік нөмірі 5-жолдың 3-бағанындағы «621» деген сандар «623» деген сандармен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку