Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органының жауапты хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 372 Жарлығы (2018.04.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
 
Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органының жауапты хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы

(2018.04.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Президентінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы № 495 Жарлығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 21-1, 22, 23 және 24-баптарына сәйкес және әкімшілік реформаны одан әрі жүзеге асыру мақсатында қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарында орталық атқарушы органның аппаратын басқаратын жауапты хатшы лауазымы енгізілсін.

ҚР Президентінің 2012.16.11. № 435 Жарлығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Президентінің 2018.04.08. № 723 Жарлығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Жауапты хатшы:

1) Республика Президенті Әкімшілігінің ұсынуы бойынша және Республика Премьер-Министрінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын, ерекше мәртебеге ие мемлекеттік қызметші болып табылады;

2) лауазымы бойынша:

Республика Президентіне, Республика Премьер-Министріне және тиісті орталық атқарушы органның басшысына есеп беретін;

оның қызметіне бақылауды Республика Президенті не оның уәкілеттік беруі бойынша Республика Президентінің Әкімшілігі, Республика Премьер-Министрі, сондай-ақ тиісті орталық атқарушы органның басшысы өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын тұлға болып табылады;

3) Республика Президенті Әкімшілігінің алдында өз қызметінің қорытындылары туралы жылына екі рет, соның ішінде «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына сәйкес жүзеге асырылатын орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау қорытындылары бойынша есеп береді;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции