Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 маусымдағы № 461 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы
№ 225 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 маусымдағы № 461 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесі мынадай мазмұндағы 88-1-тармақпен толықтырылсын:

«88-1. Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру үшін астықты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі агентке ақша қаражатын аудару Қазақстан Республикасы Үкіметінің жыл сайынғы шешімімен анықталатын астықты көктемгі-жазғы қаржыландыруға және күзгі сатып алуға арналған сома мөлшерінде біржолғы төлемдермен жүзеге асырылады.».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку