(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 2000.25.12. № 133-II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
«Ауылшаруашылық серіктестіктері және олардың қауымдастықтары
(одақтары) туралы»
2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 133-II Қазақстан Республикасының
Заңы
(2006.05.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 ж. 15 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң ауыл шаруашылық серiктестiктерiнiң құқықтық жағдайын айқындайды, серiктестiк пен оның мүшелері арасындағы қатынастарды реттейдi.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ауыл шаруашылық серiктестiктерiнiң қауымдастығы (одағы)- ауыл шаруашылық серiктестiктерi жалпы жиналысының шешiмдерi негiзiнде құрылатын, олардың жалпы мүлiктiк және өзге де құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, қызметiн үйлестiру, мемлекеттік органдарда, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында және халықаралық ұйымдарда олардың мүдделерiн бiлдiру, сондай-ақ серiктестiк мүшелерiне құқықтық, ақпараттық және өзге де қызметтер көрсету үшiн ауыл шаруашылық серiктестiктерiнiң ерiктi түрде бiрiгуi;
2) пай - ауыл шаруашылық серiктестiгi мүшесiнiң оның мүлкіндегі мүше енгiзген пай жарнасының мөлшерiне бара-бар үлесi;
3) пай жарнасы - ауыл шаруашылық серiктестiгi мүшесiнiң пай қорына ақшалай, жер учаскелерiмен, жер және мүлiк үлестерiмен не ақшалай бағасы бар өзге де мүлiкпен қосқан мүлiктiк жарнасы;
4) мiндеттi пай жарнасы - мiндеттi түрде енгiзiлетiн және серiктестiктi басқару органдарында тең дауыс беру, оның жарғыда көзделген қызметтерi мен жеңiлдiктерiн пайдалану құқығын беретiн пай жарнасы;
5) қосымша пай жарнасы - ауыл шаруашылық серiктестiгi мүшесiнiң өз қалауы бойынша мiндеттi пайдан тыс не серiктестiктiң жалпы жиналысы көздеген жағдайларда енгiзетiн пай жарнасы;
6) пай қоры - ауыл шаруашылық серiктестiгiнiң мүшелерi енгiзетiн мүлiк (пай) жарналарынан тұратын және серiктестiк мүлкiн қалыптастыру көздерiнiң бiрi болып табылатын қор;
7) ауыл шаруашылық өнiмi - өндiрiстiң толық технологиялық циклынан өткен және белгiленген стандарттарға сәйкес келетiн өсiмдiк және мал өнiмi;
Редакция документа
Демо – версия документа