(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 2005 Ж. 7 АҚПАНДАҒЫ № 30-III ҚР ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының
Заңы
Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы
Осы редакция 2007 ж. 7 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны өткiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) зиянды өндiрiстiк фактор - әсер етуi қызметкердiң ауруға ұшырауына немесе еңбекке қабiлеттiлiгiнiң төмендеуiне әкеп соқтыруы мүмкiн өндiрiстiк фактор;
2) пайда алушы - осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға;
3) жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi - жұмыс берушiнiң Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген, қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу мiндетi;
4) аннуитет шарты - сақтандырушыны шартта белгiленген мерзiм iшiнде пайда алушының пайдасына мерзiмдi төлемдер түрiнде сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға мiндеттi ететiн сақтандыру шарты;
5) кәсiптiк тәуекел сыныбы - өндiрiстiк жарақаттанудың және кәсiптiк аурулардың экономикалық қызмет түрлерi бойынша қалыптасқан деңгейi;
6) еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқару кезіндегі жазатайым оқиға (бұдан әрi - жазатайым оқиға) - қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн немесе жұмыс берушiнiң тапсырмаларын атқарған кезде оған зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк фактордың әсер етуi, соның салдарынан қызметкердiң еңбекке қабiлеттiлiгiнен тұрақты айрылуға, кәсiптiк ауруға не өлiмге әкеп соқтыратын жарақаттануға немесе улануға ұшырауы;
Редакция документа
Демо – версия документа