(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы
2003 ж. 3 маусымдағы № 423-II Қазақстан Республикасының Заңы
(2006.20.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2007 ж. 7 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы: 2007.12.01. № 222-III ҚР Заңын қара (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
Осы Заң мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жағдайлары басталған кезде сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының құқықтық жағдайын, құрылу тәртібін және қызметін, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысу шарттарын айқындайды.
1-тарау.
Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 1 ) тармақша жаңа редакцияда ( бұр. ред . қара)
1) агент банк - банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, Cақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен агенттік келісім негізінде кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызмет көрсететін банк немесе ұйым;
2) кепілдік төлемі - "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының міндетті сақтандыру шарты бойынша басталған сақтандыру жағдайлары бойынша Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының осы Заңда көзделген тәртіппен және шарттармен сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) төлейтін ақша сомасы;
3) міндетті сақтандыру шарты - Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заң актісі негізінде сақтанушының сақтандыру ұйымымен жасасқан шарты;
4) қатысу шарты - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры мен сақтандыру ұйымының арасында осы Заңда белгіленген тәртіппен және шарттармен жасалған сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу шарты;
Редакция документа
Демо – версия документа