Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы 2007 жылғы 8 мамырдағы № 247-III Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының
Заңы
 
 «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы

 

1-бап. «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» 1998 жьілғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 435-құжат; 2001 ж., № 21-22, 286-құжат; 2003 ж., № 10, 53-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-кұжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

17-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мемлекеттік мұрағаттар ақылы негізде жұмыстар орындауға және қызметтер көрсетуге кұқылы.

Мемлекеттік мұрағаттардың ақылы жұмыстары мен қызметтеріне тек қана:

1) ұйымдар мұрағаттарының және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету қызметтерінің жұмысын жетілдіру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу және енгізу;

2) кұжаттарды ғылыми-техникалық өндеу;

3) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша құжаттама жасау мен құжаттаманы басқарудың қазіргі заманғы негіздерін оқыту жөніндегі курстар  мен семинарларды өткізу;

4) мұрағат істері мен құжаттарды реставрациялау, түптеу, мұрағаттық қораптар дайындау;

5) мұрағат құжаттарының сақтандыру көшірмелерін дайындау, мәтіндерін қалпына келтіру, микрофильмдердің, кино құжаттарының, фото негативтерінің, құжаттардың түрлі-түсті слайдтарының, сондай-ақ қағаздағы және электрондық негіздегі құжаттардың көшірмелерін түсіріп алу;

6) мұрағат қорларына ғылыми-анықтамалық аппарат жасауда және оны жетілдіруде әдістемелік және практикалық көмек көрсету;

7) тапсырыстар (өтінімдер) бойынша генеалогиялық және тақырыптық сипаттағы ақпаратты анықтауды жүргізу және мұрағат құжаттарының көшірмесін алу жатады.».

2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап, қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.НАЗАРБАЕВ.

 

Астана, Ақорда, 2007 жылғы мамырдың 8-і.

№ 247-III ҚРЗ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку