Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі № 317 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
 
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және
гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кейбір мәселелері туралы

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметіне Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның Хатшылығы 8 бірліктен тұратын штат санымен бірге Премьер-Министрі Кеңсесінен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне берілсін.

2. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 31 наурыздағы № 1327 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 15, 184-құжат, № 48, 591-құжат; 2005 ж., № 6, 49-құжат, № 20, 539-құжат; 2006 ж., № 4, 23-құжат, № 15, 140-құжат):

1-тармақтағы «376» деген цифрлар «384» деген цифрлармен ауыстырылсын;

аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымы «Мемлекеттік хатшының хатшылығы» деген жолдан кейін «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссияның хатшылығы» деген жолмен толықтырылсын;

2) «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 56, 39-құжат):

аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы ереженің 13-тармағындағы «Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің» деген сөздер «Республикасы Президенті Әкімшілігінің» деген сөздермен ауыстырылсын;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку