Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 269 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 сәуірдегі № 284 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 269 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 сәуірдегі № 284 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 Қаулысымен күші жойылды

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық кодексі) 250-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қосылған құн салығы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 269 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қосылған құн салығы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесі:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 201-1, 201-2, 201-3, 201-4, 201-5, 201-6, 201-7, 201-8, 201-9, 201-10-жолдармен толықтырылсын:

 

«201-1

Жолаушы кемелері

8901101000-ден

201-2

Мұнай құю танкерлері

8901201000-ден

201-3

Танкерлік баржалар

8901209000-ден

201-4

Құрғақ жүк таситын кемелер, жабдықтаушы кемелер

8901901000-ден

201-5

Көлік баржалары

8901909100-ден

201-6

Магистральдық сүйреткіштер, мұз жарғыш сүйреткіштер

8904001000-ден

201-7

Басқа да итергіш кемелер

8904009900

201-8

Басқа да жер снарядтары

8905109000

201-9

Кеме қатынасының сапасы олардың негізгі функцияларымен салыстыр-

ғанда екінші дәрежелі болып табылатын басқа да жүзбелі теңіз маяктары, өрт сөндіру кемелері, жүзбелі крандар және басқа да кемелер; Жүзбелі доктар

8905901000

201-10

Құтқару кемелері

8906901000-ден».

 

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

К. Мәсімов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку