Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 19.05.00 Ж. № 762 ҚАУЛЫСЫ

Тылдық қамтамасыз ету түрлерi бойынша нормаларды бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 19 мамырдағы № 762 қаулысы

(2005.23.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2006 ж. 27 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

"Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 9 сәуірдегі Заңының 15-бабына, "Заңдық актiлердi одан әрi жетiлдiру жөніндегі жұмыс туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 14 қаңтардағы № 64 қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде материалдық-техникалық құралдарды негiздi талап ету және пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етедi:

1. Қоса берiлiп отырған:

1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының әскери қызметшiлерiн заттай мүлiкпен қамтамасыз ету нормалары;

2) ҚР Үкіметінің 2005.23.12. № 1281 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің әскери техникасы мен қару-жарағын пайдалану, жөндеу және консервациялау кезiнде жанармайлардың, майлардың, жағармайлардың және арнайы сұйықтардың жұмсалу нормалары;

4) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң әскери бөлiмдерiн және мекемелерiн мал дәрiгерлiк мүлкiмен жабдықтау нормалары бекітілсiн.

2. "1999 жылға арналған мемлекеттік бюджеттiң жобасын әзiрлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 16 наурыздағы № 219 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсін:

18-тармақтың 1) тармақшасындағы екiншi, үшiншi және бесiншi абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының әскери қызметшiлерiн заттай мүлiкпен қамтамасыз ету нормалары;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку