Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы 1998 жылғы
23 сәуірдегі № 219-1 Қазақстан Республикасының Заңы

(2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен енгізілген өзгерістерімен)

 

Осы редакция 2006 ж. 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Осы Заң халықтың денсаулығын иондаушы сәулелендiрудiң зиянды әсерiнен қорғау мақсатында оның радиациялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi.

 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1-бап. Негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

радиациялық қауiпсiздiк - белгiленген нормаларға сәйкес қызметшiлерге, халыққа және қоршаған ортаға радиациялық әсердi шектейтiн шаралар кешенiмен қамтамасыз етiлген радиациялық жағдайдың жай-күйi;

иондаушы сәулелендiру - ортамен өзара әрекет кезiнде түрлi белгiлердегi иондар түзетiн, зарядталған, зарядталмаған бөлшектер мен фотондардан тұратын сәулелендiру;

табиғи радиациялық ая - ғарыш сәулесi және жерде, суда, ауада, биосфераның басқа элементтерiнде, тамақ өнiмдерi мен адам организмiнде өздiгiнен бөлiнген табиғи радионуклидтердiң сәулесi шығаратын сәулелендiру мөлшерi;

техногендiк өзгертiлген радиациялық орта - адам қызметiнiң нәтижесiнде өзгерген табиғи радиациялық орта;

әсерлi мөлшер - адам организмi мен оның жекелеген органдарының радиациялық сезiмталдығын ескере отырып, олардың сәуле алуының кейіндегі зардаптарының пайда болу қатерiнiң шамасы ретiнде пайдаланылатын иондаушы сәулелендiрудiң сiңiрiлген энергиясының шамасы;

бақыланатын аймақ - радиациялық бақылау, адамдарды жiберу және олардың тұруы жөнiнде арнаулы ережелер қолданылатын аумақ;

қызметшiлер - тiкелей иондаушы сәулелендiру көздерiмен тұрақты немесе уақытша жұмыс iстейтiн жеке тұлғалар;

радиациялық авария - атом энергиясын қолдану объектiсiн қауiпсiз пайдалану шегiнiң бұзылып, бұл орайда адамдардың белгiленген нормалардан тыс сәуле алуына немесе қоршаған ортаның радиоактивтi ластануына әкеп соғуы мүмкiн немесе әкеп соққан радиоактивтi өнiмдердiң және/немесе иондаушы сәулелендiрудiң қалыпты пайдалану жобасында көзделген шектен асып кетуi;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку