Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.18.08 № 781 ҚАУЛЫСЫ

«Қазақстан Республикасы Статистика агенттігін Алматы қаласынан
Астана қаласына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 18 тамыздағы № 781 Қаулысы

(2006.04.12. берілген өзгерістерімен)

 

Осы редакция 2006 ж. 27 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасы Статистика агенттігін Алматы қаласынан Астана қаласына көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 159 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Агенттіктің орталық аппаратының қызметкерлерін екі кезеңде:

бірінші кезеңде 2006 жылдың аяғына дейін Агенттіктің орталық аппаратының саны 20 адам болатын қызметкерлерін мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау үшін Алматы қаласынан Астана қаласына көшіру;

екінші кезеңде 2007 жылдың екінші тоқсанының аяғына дейін Агенттіктің орталық аппаратының саны 36 адам болатын қызметкерлерін Алматы қаласынан Астана қаласына көшіру туралы ұсынысына келісім берілсін.

2. Агенттіктің орталық аппаратының осы қаулыға сәйкес көшірілетін қызметкерлері осы елді мекенде тұрғын үйі болмаған кезде Астана қаласында тұрғын үймен қамтамасыз етіледі және оларға мынадай өтемақылық төлемдер:

1) ұсынылған жол жүру құжаттарының негізінде қызметкерлердің және олардың отбасы мүшелерінің жол жүру құны:

темір жол бойынша - купе вагонның тарифі бойынша;

тас жол бойынша - сол жергілікті жердегі қолданыстағы құны бойынша;

2) темір жол және автомобиль көлігімен (жалпы пайдаланымдағы) қызметкердің өзіне 500 килограмға дейінгі және оның отбасының әрбір көшетін мүшесіне 150 килограмға дейінгі мүлікті тасымалдау жөніндегі шығыстар;

3) көшу сәтіндегі қолданыстағы заңнамада белгіленген мөлшерде жолда жүрген әрбір күн үшін тәуліктік шығыстар;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку