(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.06.01. № 4 ҚАУЛЫСЫ
«Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне кірісу салтанатты рәсімін
(инаугурациясын) өткізу жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 4 Қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 22 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2006 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің инаугурациясын өткізуге байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Министрліктер мен ведомстволар, Қазақстан Республикасы Президентінің іс басқармасы (келісім бойынша), Астана қаласының әкімі Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне ресми түрде кірісу жағдайы жөніндегі салтанатты іс-шараларды дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес толық көлемде іс-шараларды өткізуді қамтамасыз етсін, ресми делегацияларды, қонақтар мен шақырылғандарды, сондай-ақ мәдени бағдарламаны қамтамасыз ететін адамдарды орналастыруды және оларға қызмет көрсетуді ұйымдастырсын.
2. 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Yкіметінің резервінен:
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына - ресми делегацияларды, қонақтар мен шақырылған адамдарды ресми қабылдауды, орналастыруды және оларға көліктік қызмет көрсетуді дайындауға және өткізуге, олардың Алматы - Астана - Алматы бағыты бойынша жол жүруіне, сондай-ақ басқа да ұйымдастыру іс-шараларын өткізуге 160000000 (бір жүз алпыс миллион) теңге;
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігіне - іс-шаралар шеңберінде мәдени бағдарламаны өткізуге 68000000 (алпыс сегіз миллион) теңге бөлінсін.
Редакция документа
Демо – версия документа