«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі № 1051 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы № 1065 Қаулысы (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 1051 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы № 1065 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі № 598 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. «Кейбір акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерінің құрамдары туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі № 1051 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 32, 341-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
5-тармақта:
«Абайділдин Талғатбек Жәмшитұлы - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі; Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы;» деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Сәрсембаев Зейнолла Сәкенұлы - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі;»;
«Елемесов Асқар Раушанұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;»;
«Жәкішев Мұхтар Еркінұлы - «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ-тың президенті» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Құсайынов Марат Әпсеметұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі;».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
| Д. Ахметов |
Документ утратил силу