Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 971 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 1228 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 971 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

«II. Шығындар» деген бөлімде:

13 «Басқалар» функционалдық тобында:

217 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» әкімшісі бойынша:

010 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві» бағдарламасында:

100 «Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві» кіші бағдарламасында «7422214» деген сандар «3596978» деген сандармен ауыстырылсын;

101 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві» кіші бағдарламасында «10957578» деген сандар «14782814» деген сандармен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку