(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКIМЕТIНIҢ 2005.26.07. № 776 ҚАУЛЫСЫ
«Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 30 мамырдағы № 502 және 2004 жылғы
3 маусымдағы № 615 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 шілдедегі № 776 Қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 17 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Ұлттық инновациялық қор" акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 30 мамырдағы № 502 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 23-24, 223-құжат):
4-тармақтың 2) тармақшасының бесiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"инновациялық инфрақұрылымдардың мамандандырылған субъектiлерiн (технопарктер, технологиялық бизнес-инкубаторлар) құруға қатысу;";
2) "Ұлттық инновациялық қор" акционерлік қоғамының 2004-2005 жылдарға арналған инвестициялық саясаты туралы меморандум туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 3 маусымдағы № 615 қаулысына:
тақырыбындағы және мәтіндегі "2004 - 2005" деген сандар "2004 - 2007" деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
тақырыбындағы және мәтіндегі "2004 - 2005" деген сандар "2004 - 2007" деген сандармен ауыстырылсын;
"Жалпы ережелер" деген 1-бөлiмде:
1-тармақта "инвестициялау туралы шешiм қабылдауды,", "қоса алғанда" деген сөздер алынып тасталсын;
4-тармақтың бесiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiлерiн (технопарктер, технологиялық бизнес-инкубаторлар) құруға қатысу;";
екiншi, үшiншi, төртiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа