Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі № 1051 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 сәуірдегі № 306 Қаулысы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі
 № 1051 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 сәуірдегі № 306 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі № 598 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Кейбір акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерінің құрамдары туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі № 1051 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 32, 341-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

1-тармақта:

«Қиынов Ләззат Кетебайұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі, төраға;» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлы - Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төраға;»;

«Лавриненко Юрий Иванович - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі;» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Қасымбек Жеңіс Махмудұлы - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар вице-министрі;»;

«Ысқақов Марлен Нұрахметұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы;» деген жол алынып тасталсын;

«Әйтекенов Қайрат Медібайұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі;» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Құсайынов Марат Әпсеметұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі;»;

«Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы;» деген жол алынып тасталсын;

«Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ-тың президенті» деген жолдың алдынан мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

«Ақшолақов Болат Оралұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі;

Елемесов Асқар Раушанұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку