Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 және 2002 жылғы 27 наурыздағы № 357 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 наурыздағы № 190 Қаулысы (2016.29.08. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 және 2002 жылғы 27 наурыздағы № 357 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 наурыздағы № 190 Қаулысы

(2016.29.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Басқарушылар кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкілдерін тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысында:

1-тармақта:

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің:

Басқарушы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов;

Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Қайрат Нематұлы Келімбетов;»;

3) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Арман Ғалиасқарұлы Дунаев» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов» деген сөздермен ауыстырылсын;

4) тармақшада:

«Арман Ғалиасқарұлы Дунаев» деген сөздер «Наталья Артемовна Коржова» деген сөздермен ауыстырылсын;

«Исаев Батырхан Арысбекұлы» деген сөздер «Марат Әпсеметұлы Құсайынов» деген сөздермен ауыстырылсын;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) Ислам Даму Банкінің:

Басқарушы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Қайрат Нематұлы Келімбетов;

Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Әлихан Асханұлы Смайылов;»;

2) ҚР Үкіметінің 2016.29.08. № 488 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции