Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2004 Ж. 6 ШІЛДЕДЕГІ № 573-II ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты
қалыптастыру туралы Қазақстан Республикасының
2004 жылғы 6 шілдедегі № 573-II Заңы

(2005.23.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция  2006 ж. 31 қаңтардағы  енгізілген өзгерістеріне   дейін  қолданылды

 

Осы Заң Қазақстан Республикасында кредиттiк тарихты қалыптастырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негiздерін, кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесiне қатысушылардың құқықтық жағдайын айқындайды, кредиттiк бюроларды құруға, олардың қызметін жүзеге асыруға және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды, осы саладағы мемлекеттік реттеу, бақылау мен қадағалау ерекшелiктерiн реттейдi.

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) кредиттік тарихтың деректер базасы - Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес келетін ақпараттық жүйелерге және ақпарат процестеріне негізделген кредиттік бюроның ақпараттық ресурстары;

2) ақпарат берушiнің кредиттік тарихтың деректер базасын жасауға және қорғауға қатысу жөніндегі қызметi - ақпарат берушінің осы Заңның талаптарына сәйкес кредиттік тарих субъектілерiнен алынған мәлiметтердi ресiмдеу (өңдеу), сақтау және кредиттiк бюроға беру жөніндегі іс-әрекеттері;

3) ақпарат беру және (немесе) кредиттiк есептердi алу туралы шарт - осы Заңда көзделген шарттарда және тәртiппен кредиттік бюро мен ақпарат берушi арасында жасалатын шарт;

4) ақпарат - кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесіне қатысушылар беретiн, қажет болған жағдайда электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылатын, электрондық және қағаз түріндегі жеткізушiлердегi кредиттік тарих субъектілерiне қатысты мәліметтер;

5) кредиттік тарих - кредиттiк тарих субъектiсi туралы ақпарат жиынтығы;

6) кредиттік бюро - кредиттiк тарихты қалыптастыруды, кредиттік есептер берудi және өзге де қызметтер көрсетудi жүзеге асыратын коммерциялық ұйым;

7) кредиттiк есеп - кредиттік тарихтағы ақпаратты толық немесе iшiнара беру нысаны;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку