Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 28 шілдедегі № 539 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2006 жылғы 16 қаңтардағы № 13 Бұйрығы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 28 шілдедегі № 539 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2006 жылғы 16 қаңтардағы № 13 Бұйрығы

 

ҚР Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығымен күші жойылды

 

Нотариалдық іс-әрекеттерді жасау бойынша республика нотариустарының құқық қолдану практикасын жетілдіру мақсатында,БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 28 шілдедегі № 539 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 564 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 1998 жылғы 30 қарашада № 8 жарияланған, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 20 қарашада № 527-к, 2002 жылғы 22 қарашадағы № 175, 2004 жылғы 17 мамырдағы № 136, 2004 жылғы 7 шілдедегі № 206, 2004 жылғы 4 қарашадағы № 325, 2005 жылғы 19 тамыздағы № 215 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген Бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулықта:

барлық мәтін бойына «келісім-шарттары», «келісім-шарттың», «келісім-шарт», «келісім-шартында», «келісім-шарттарды», «келісім-шартта», «келісім-шарттар», «келісім-шартқа», «келісім-шартты» деген сөздер тиісінше «шарттары», «шарттың», «шарт», «шартында», «шарттарды», «шартта», «шарттар», «шартқа», «шартты» деген сөздермен ауыстырылсын;

12-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«Нотариаттық іс-әрекет жасау кейінге қалдырылған жағдайда нотариус мүдделі адамға нотариаттық іс-әрекет жасауға жүгінген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, нотариаттық іс-әрекет жасауды кейінге қалдыруының дәлелді себебі көрсетілген қаулыны береді.»;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку